Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
🔷Саяжан Мэльсбекқызы қазақ әдебиеті пәнінен 6 “А” сыныбына І циклдің ІІ — ші зерттеу сабағын өткізді. Зерттеу сұрағы: Қазақ әдебиеті пәнінен деңгейлік сұрақтар қою арқылы оқушылардың айтылым дағдыларын қалай арттыруға болады?
Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы
“Ғылым таппай мақтанба”
Сабақтың мақсаты: Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтап, өлеңді мәнерлеп оқу және талдау.
Ең әуелі өткен сабақты қорытындылау мақсатында “Еске түсір” әдісімен сараланып алынды.
Ал жаңа сабақты ЖИ-тің көмегімен оқушылар түсінді.
Сабақ барысындағы қолданылған “Галереяны шарлау” және “Джигсо”әдіс-тәсілдері арқылы сабақты жеңіл әрі тиімді өткізе алды. Топтық, жұптық, жеке және ЕББҚ оқушыларға да тапсырмалар берілді. Сергіту сәті өткізілді. “5-5-1” әдісі арқылы кері байланыс жасады.