Сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталды. Оқушылармен амандасып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында қысқа сергіту сәті өткізілді. -Үй тапсырмасы сұрақ-жауап әдісі арқылы тексерілді.
-Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында was, were, there was, there were формаларының қолданылу ережелері слайд және мысалдар арқылы түсіндірілді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін өткен шаққа байланысты сөйлемдер құрастыру, сурет бойынша әңгіме айту тапсырмалары берілді.
-Сабақ барысында жеке, жұптық және топтық жұмыстар ұйымдастырылды. -Оқушылар сөйлем құрастыру, бос орындарды толтыру, аударма жасау арқылы тапсырмаларды орындады.
Сабақ соңында бекіту тапсырмалары орындалып, тест арқылы кері байланыс жүргізілді. Оқушыларды ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалау ретінде белсенділік танытқан оқушыларға ынталандыру сыйлықтары (тәттілер) берілді.




