Бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ата-бабаларымыздың ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу және тарихымызды ұмытпауға шақыру.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қиын кезеңдер туралы ой бөлісіп, батырларымыздың ерліктерін еске алды. Олар соғыс жылдарындағы қайсарлық, батылдық пен бірлік туралы өз пікірлерін білдіріп, өлеңдер оқып, тарихи мәліметтермен бөлісті.
Шара барысында әр оқушының жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметтің артқаны анық байқалды. Бейбіт өмірдің қадірін түсіну – бүгінгі ұрпақтың басты міндеті екені тағы бір мәрте айтылды.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас буынның саналы, білімді әрі елжанды болып өсуіне үлкен ықпал етеді.
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!
