Квиз 3 кезеңнен тұрды:
І кезең — «Жылдам жауап»
ІІ кезең — «Ойлан, тап!»
ІІІ кезең — «Логика және физика»
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді. Топ мүшелері бір-бірімен ақылдасып, ортақ шешім қабылдау арқылы ұйымшылдықтарын көрсетті. Квиз нәтижесінде оқушылардың пән бойынша білім деңгейі анықталып, теорияны практикамен ұштастыру дағдылары нығая түсті.
