Апталық барысында оқушылар түрлі спорттық сайыстарға белсене қатысып, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, төзімділігін көрсетті.
Жабылу салтанатында апта бойы ұйымдастырылған жарыстардың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Оқушыларға дипломдар мен алғыс хаттар табысталып, олардың жетістіктері ерекше атап өтілді.



