Информатика пәні мұғалімі
педагог – зерттеуші Майра Кубашева Мажитқызы 8 «Б» сыныбына «белсенді әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушының зерттеушілік әрекет дағдыларын қалай дамытуға болады» зерттеу сұрағы бойынша ІІ циклдің 1 – ші зерттеу сабағын өткізді.
Сабақтың мақсаты: 8.3.1.1 Python программалау тілінде тапсырма модельдерін жасау. 8.3.2.1 алгоритмнің трассировкасын жүзеге асыру.
Сабақтың басында «Сиқыршы » әдісі арқылы психологиялық ахуал қалыптастырды.
«Көбелектер» әдісі арқылы оқушылар топқа бөлінді.
Үй тапсырмасын «Жылдам тексеру» әдісі арқылы тексерді.
Сабақтың ортасында жаңа сабақ түсіндіріліп, топтық жұмыс оқушылар ЖИ мен «Al vs Toп» әдісі Canva – да ұсынған ақпаратты бағалап, өмірлік жағдаятпен байланыстырып, өз шешімдерін ұсынды.
Сергіту сәті өткізіліп, жеке жұмыс яғни «Digital Quest» әдісі арқылы оқушылар компьютермен орындап, нәтижесіне қарай кері байланыс берді.
Сабақты қорытындылауға «Wordwall» әдісі бойынша сұрақтаға жауап берді. Кері байланыс «ЖИ робот » әдісі арқылы өз сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.
