Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Педагог — сарапшы, биология пәнінің мұғалімі Айнұр Юсупова 6 “Ә” сыныбына
“цифрлық платформалар оқушылардың тақырыпты түсінуі мен талдау дағдыларына қалай әсер етеді?” зерттеу сұрағы бойынша зерттеу сабағын өткізді.
📖Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлар систематикасы.
📖Оқу мақсаты: өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың өзіндік ерекшеліктерін қолдану.
Оқушылар шеңберге тұрып, «Жүректен жүрекке» тренингі арқылы жылы сөздер айтып, сабаққа жағымды көңіл күймен кірісті.
Үй тапсырмасын Wordwall платформасында «Ұшатын жеміс» тесті арқылы экранда қозғалып жүрген жауаптардың ішінен дұрыс жауапты таңдап, сұраққа жауап берді.
«Жұмбақ ағзаны анықта» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын аша білді. Жеке, ұжымдық, топтық тапсырмаларды орындауда, сәйкестендіру, логикалық тізбек, салыстыру және талдау, «Өсімдікті анықта», «Ойды аяқта» тапсырмаларын орындауда белсенді болды.
«3-2-1» әдісі арқылы сабақты аяқтады.
📚Информатика пәнінің мұғалімі педагог – зерттеуші М.М.Кубашева
8 «Б» сыныбына «белсенді әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушының зерттеушілік әрекет дағдыларын қалай дамытуға болады» зерттеу сұрағы бойынша І циклдің 1 –ші зерттеу сабағын өткізді.
📙Сабақтың тақырыбы: Алгоритм трассировкасы
📘Оқу мақсаты: 8.3.2.1 алгоритмнің трассировкасын жүзеге асыру.
🔍Сабақта қолданылған әдіс – тәсілдер:
-«Робот» әдісі
-“Жылдам тексеру” әдісі
-Топтық талқылау (Collaborative Learning)
-“Жұптық коучинг” әдісі
-«Зерттеу жұмысы» әдісі
-Wordwall платформасы
— “ЖИ”әдісі арқылы сабақтан алған әсерімен бөлісті.