Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
4-ші наурыз күні 6 сынып оқушыларымен “Жаһандық құзыреттер” курсы жетекшісі педагог-зерттеуші Қанағат Куталиева “ Құтқару қызметі”. “ Абайлаңыз, күдікті заттар! тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: Құтқару қызметі туралы ақпараттар мен таныстыру, күдікті заттар және қауіптің алдын-алу туралы түсінікті қалыптастыру болды.
Сабақ “Пазл” арқылы “ Суреттер сөйлейді” суретті сөйлетіп жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар өздері шығарып, жаңа сабақтың мақсатын мұғалім хабарлады.
“Ой түрткі” арқылы жұптық, “Оқы, талда, жеткіз” топтық жұмыс, “ Зерттеу талдау” жеке жұмыстар жүргізе отырып жаңа сабақты меңгертіп, wordwall арқылы сабақты қорытындылады. Кері байланыс “Сиқырлы сандық” сандықтан оқушылар тәттілерді алу арқылы сабақтың өн бойында айтылған ақпараттарды өздерімен ала кетті.