Жастардың адамгершілік рухани, азаматтық және әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған «Құндылықтарға шолу» тәрбиелік жобасы іске асырылып келеді.
Жоба күн сайын әр сабақ басталар алдында белгілі бір тақырыпта талқылау, шағын әңгімелесу, қысқа бейнероликтерді көрсету, түсіндіру және т.б. тәсілдермен жүргізіледі.
Жобаны іске асыру нәтижесінде оқушылардың құндылықтық дүниетанымы нығайып, мектептерде қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасы қалыптасады.
