ІІІ циклдің 3 — ші зерттеу сабағын өткізді.
Зерттеу сұрағы: белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушының сөздік қорын қалай байытуға болады?
Сабақтың тақырыбы: Қош келдің,Наурыз!
Оқу мақсаты: 4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп оқу,мәнерлеп оқу, теріп оқу,шапшаң оқу.
Сабақ барысында әр оқушының іс -әрекеті талданып, олардың білім алу үдерісіндегі белсенділігі мен ерекшеліктері талданды.
Зерттеу жұмысы оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіруге,тиімді әдіс-тәсілдерді анықтауға және мұғалімдер арасында тәжірибе алмасуды нығайтуға бағытталды. Осындай бірлескен жұмыс оқушылардың сапалы білім алуына негізделді.



