Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
«Выучи язык – увидишь мир»,
“Learn a language – see the world”
тақырыптарындағы апталықтың жоспарына сай 7 А сыныбына “ Ability, permission:Can, could” тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімі Темирболатова Айгульдің өткізуімен ашық сабақ өткізілді.
🇺🇸Мақсаты:
Оқушылар can / could модаль етістіктерін қолдана отырып,
✔️ қабілеттілікті білдіруді,
✔️ рұқсат сұрауды,
✔️ сыпайы өтініш жасауды үйренеді.
Сабақтың жаңа тақырыбын квест арқылы анықтады, тақырыпқа сай карточкалармен жұмыс, шағын диалог, сөйлемді жалғастыру сияқты тапсырмалар орындалды. ЖИ дің көмегімен тыңдалым, жазылым жүзеге асты, сабақ соңында оқушылар мен тәжірибе алмасу үшін қатысқан ұстаздардан кері байланыс алынып, тәттілер таратылды.