Нұржау жалпы орта мектебі бойынша 29-қаңтар куні ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ!!!
Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия және тамақтандыру сапасын мерзімдік бағалаудың бракераж жүргізу жөніндегі комиссия құрамы мектеп асханасына зерделеу жүргізді.
Бақылау барысында:
* Келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасы;
* отандық тауар өндірушілердің тамақ өнімдеріне СТ-KZ сертификаттардың болу;
* дайындалған тағамдардың сапасы;
* технологиялық жабдықтардың болуы және жарамдылығы;
* азық түліктердің, дайын тағамдардың сақталуы және жеткізу мерзімдері мен шарттарының сақталуы;
* ас мәзірінің сәйкестігі;
* санитарлық жағдайы қаралды.
Бақылау барысында бір күндік мәзірдің Атырау облыстық білім беру басқармасы бекіткен І апталық ас мәзіріне сәйкестігі, отандық тауар өндірушілердің сертификаттары бар екендігі, асхана қызметкерлерінің санитарлық талапқа сай жұмыс атқарып отырғандығы және азық-түлікті пайдалану мерзімінің жарамдылығы анықталды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |






