Бүгінгі күні Нұржау жалпы орта мектебі бойынша 2024-2025 оқу жылындағы атқарылған оқу- тәрбие жұмыстарының қорытындысы мен 2025-2026 оқу жылының 1 жж білім сапасын арттыру бағытында жасалған жұмыстардан мектеп басшысы Гулбаршын Жакимовнаның есебі тыңдалды.
Есепте мектептің білім сапасын арттыруға, оқыту мен тәрбиелеу үдерісін жетілдіруге, құқық бұзушылықтың алдын-алуға, әдеп нормаларын сақтауға бағытталған жұмыстар сараланды.
Есеп беру жиналысы барысында сөйлеушілер өз пікірлерін білдіре отырып, берілген ұсыныстар мен міндеттердің күнделікті жұмыс бағыты екендігін айтып өтті.
Құрманғазы аудандық білім бөлімінің басшысы Еділ Ғарипұлы мектеп жұмысының ‘жақсы’ деңгейде екендігін атап өтіп, бірқатар ұсыныстар мен міндеттерді белгіледі.
Бірлескен, жүйелі жұмыстар ғана сапалы нәтижеге жеткізеді деген қорытындымен жиналыс сәтті аяқталды.
Құрманғазы ауданы
Нұржау ауылы
Стамгазы Ақботин көшесі, 1 үй
+7(7122) 3-83-64
shnurzhau@mail.ru
Гульбаршын Кенжегалиева
Zina Kerey
Шошахова Камшат
Құрманғазы Аудандық Білім Бөлімі
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Өрлеу Атырау



