1.»Таныстырсам өзімді»: тренинг. 2.География пәнінің мұғалімі Г.Гумарова «Ғылыми жоба жұмысы: тақырып таңдау ерекшеліктері мен оқушы дайындау тәсілдері » тақырыбында work-shop жұмысын көрсетті. Мұғалімдерге тақырып таңдау кезіндегі жіберілетін қателіктер және оны болдырмау жолдары, өзгерістер және тың идеялармен бөлісті. Мұғалімдер қарапайымнан күрделіге дейінгі жұмыстарды атқарып, ғылыми жоба тақырыптарын талдап, өз ойларын ортаға салды.
3.Биология пәнінің мұғалімі А.Юсупова «Уақытты үнемдейтін мұғалім AI құралдары тәжірибеде» тақырыбында таныстырылым жасады. Мұғалімдер бұл кезде Copilot, Quiver, Arloopa және т.б. білім беру ресурстарымен жұмыс жасады.
4.Химия пәнінің мұғалімі А.Бектұрғанқызы «STEM-зерттеу мәдениетін қалыптастыру құралы» тақырыбы аясында шеберлік сыныбын өткізді. Бұл кезде мұғалімдер практикалық жұмыстар жасады, өз идеяларымен бөлісті.
Семинар барысында мұғалімдер тәжірибеге негізделген әдістерді меңгеріп, оларды сабақта және ғылыми жобада қолдану жолдарын үйренді; қатысушылардың зерттеушілік дағдысы артып, дайын практикалық идеялар қоржыны қалыптасты.
Құрманғазы ауданы
Нұржау ауылы
Стамгазы Ақботин көшесі, 1 үй
+7(7122) 3-83-64
shnurzhau@mail.ru
Гульбаршын Кенжегалиева
Zina Kerey
Шошахова Камшат
Құрманғазы Аудандық Білім Бөлімі
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Өрлеу Атырау




