Алгебра пәнінен ауызша есептеу арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалай арттыруға болады? зерттеу сұрағы бойынша педагог-сарапшы А. Сағындықова 7 “А” сыныбына зерттеу сабағын өткізді.
Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің қосындысының квадраты, айырмасының квадраты.
Оқу мақсаты: қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану;
Сабақ барысында ең алдымен үй тапсырмасы сұралып, пысықтау сұрақтары берілді. “Қатесін тап” топтық жұмысы орындалып, оқушылар берілген есептің қатесін тауып, дұрыс шешімін көрсетті. “Ойлан, жұптас” әдісі бойынша әр жұп берілген сандардың квадратын қысқаша көбейту формуласын қолданып есептеді. “Кім жылдам?” әдісі бойынша бос орынға тиісті өрнекті қойып әр топ жарыса шығарды.
Сабақты бекіту тапсырмасы беріліп, берілген есептерді шешімімен сәйкестендірді. Сабақ соңында “рефлексия пирамидасы” кері байланыс алынды.
Сабақтың тақырыбы:
Электр тізбегі және оның құрамдас бөліктері, ток күші, кернеу.
Сабақ барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Wordwoll платформасындағы ойын түріндегі тапсырма орындалды.
Видеосабақ арқылы жаңа сабақ туралы ақпарат алды.
Жұптық тапсырма: Электр тізбегіне керекті құралдарды топтастырады
Жеке жұмыс: Сәйкестендіру тапсырмасы
Топтық тапсырма: phet.colorado.edu интерактивты симулятор көмегімен электр тізбегін құрастырды
Оқулықпен жұмыс жасап, жеке есептерді шығарды
Сұрақ жауап арқылы сабақты бекітіп,
кері байланыс “Батарея” әдісі арқылы өткізілді.
Құрманғазы ауданы
Нұржау ауылы
Стамгазы Ақботин көшесі, 1 үй
+7(7122) 3-83-64
shnurzhau@mail.ru
Гульбаршын Кенжегалиева
Zina Kerey
Шошахова Камшат
Құрманғазы Аудандық Білім Бөлімі
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Өрлеу Атырау

