Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Астана қаласында өткізілген Бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы Республикалық ШАХМАТ турнирінен мектеп басшысы Гульбаршын Жакимовна жүлделі 1-ші орынды иеленіп, 150 000 теңге жүлде қорын ұтып алды.
“Шахмат Ханшайымы” атағына лайық екеніңізді тағы бір мәрте дәлелдедіңіз.
Зеректік пен сабырдың, терең ой мен стратегияның нәтижесінде жеңіске жеттіңіз. Бұл жеңіс – еңбегіңіздің, табандылығыңыздың айқын дәлелі. Алдағы уақытта да әр партияңыз сәтті болып, биік белестерді бағындыра беріңіз!
Шахмат тақтасындағы әр қадамыңыз даналыққа толы болсын, жаңа жеңістер мен шабыт серік болсын!✨