Бастауыш сынып мұғалімі педагог-зерттеуші София Зиннуллақызы белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушының сөздік қорын қалай байытуға болады? зерттеу сұрағы бойынша әдебиеттік оқу сабағынан І циклдің
2 -ші сабағын өткізді.
Сабақтың тақырыбы:
Таңғажайып ертегілер.
Сабақтың мақсаты:4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау,кейіпкердің іс -әрекетін болжау.
Сабақ барысында әр оқушының іс -әрекеті талданып, олардың білім алу үдерісіндегі белсенділігі мен ерекшеліктері талданды.
Зерттеу жұмысы оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіруге, тиімді әдіс-тәсілдерді анықтауға және мұғалімдер арасында тәжірибе алмасуды нығайтуға бағытталды. Осындай бірлескен жұмыс оқушылардың сапалы білім алуына негізделді.



