Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
А.Темірболатова 9 “А” сыныбына диалогтік оқытудың түрлерін қолдану арқылы сөйлеу тілін қалай дамытуға болады? зерттеу сұрағы бойынша сабақ өткізді.
Тақырыбы :My country. Our planet
Мақсаты: Бетпақ Дала шөл даласы туралы ақпарат беру, тақырыпқа қатысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қолдану, әртүрлі пікірлерді тыңдап, қосымша ақпараттарды түсіну.
Сабақтың сәлемдесу бөлігі ЖИ арқылы өтті, видео, аудио материалдарды тыңдау арқылы тапсырмалар орындалды, жұптық, жеке тапсырмалар жүргізілді. Сабақ мақсатына жетті.
🔎
8 «Б»сынып оқушыларының физика пәнінен оқу белсенділіктерін саралау тапсырмалары арқылы қалай арттыруға болады ? зерттеу сұрағы бойынша педагог физика пәнінің мұғалімі Ержан Жайнар І циклдің 3-ші зерттеу сабағын өткізді.
Сабақтың тақырыбы:
Жылу қозғалтқыштары
Сабақтың барысы:
🖊️“Кім жылдам” әдісі сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын тексеру
🖊️Жаңа сабақ
🖊️Видео сабақ арқылы ақпарат алынды
🖋️Varsac.cz платформасымен жылу қозғалтқышының жұмыс принципін көрсету
🖊️Топтық тапсырма “Жылу қозғалтқышының салыстырмалы талдауы”
1- топ Сипаттамасын талдау
2 — топ Іштен жану қозғалтқышын талдау
3 — топ Бу трубинасын талдау
🖊️Жұптық тапсырма: қойылған 3 түрлі нұсқадағы сұрақтарға жауап беру
🖊️Жеке тапсырма: есептер шығару
🖊️Сабақтың соңы wordwall.net платформасы викторина арқылы қорытындыланды. Кері байланыс алынды.