Сізге деген құрметіміз шексіз!!!
Басқарма басшысы Марат Абуов білім саласының бір топ қызметкерлерімен кездесіп, салаға сіңірген еңбектері үшін алғысын білдірді.
Осы марапаттың қатарында Нұржау жалпы орта мектебінің директоры Гүлбаршын Жакимовна Оқу-ағарту министрлігінің “Білім беру ісінің Құрметті қызметкері” төсбелгісіне ие болды.
Сіздің қажырлы еңбегіңіз қоғамымыздың жарқын болашағы. 
Аудан, мектебіміз сіздің кәсіби шеберлігіңізді, білім беру сапасына қосқан зор үлесіңізді әрдайым мақтан тұтады.
Сізге мықты денсаулық, шабытты еңбек және жаңа жетістіктер тілейміз.

