Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Ағылшын тілі пәні мұғалімі педагог-сарапшы Айгүл Темірболатова 9 “А” сыныбына диалогтік оқытудың түрлерін қолдану арқылы сөйлеу тілін қалай дамытуға болады? зерттеу сұрағы бойынша І циклдің 1-ші сабағын өткізді.
Тақырыбы: Second Conditional
Мақсаты: Оқушыларға Second Conditional (if + Past Simple, would + verb) құрылымын түсіндіру және оны сөйлемдерде дұрыс қолдануға үйрету. Оқушыларды армандауға, өз ойларын еркін жеткізуге, және шынайы өмір мен қиял арасындағы айырмашылықты түсінуге тәрбиелеу.
Сабақ барысында жұптық жұмыс “Explanation”, топтық жұмыс “Find the half”, жеке жұмыс “Picture Prompt”
әдістері және кітаппен жұмыс орындалды. Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алынды, сабақ мақсатына жетті.
🧮Математика пәнінің мұғалімі педагог-сарапшы Айнагул Сағындықова 7 “А” сыныбына алгебра пәнінен зерттеу сабағын өткізді. Зерттеу сұрағы: ауызша есептеу арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалай арттыруға болады?
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигі.
Сабақ барысында үй тапсырмасы тексеріліп, өткенге шолу жасалды. “Кубикпен ойын” әдісі арқылы тақырып бойынша мысалдарды тауып кубиктарды құрастырды. Оқулықпен жұмыс жасалып, ауызша жұптық жұмыстар орындалды. Функционалды сауаттылық есебі берілді, сергіту сәті ұйымдастырылды. Топтық жұмыс беріліп, әр топ берілген функция бойынша график салып, орналасу ширегін анықтады. Кері байланыс ретінде “парковка” әдісі қолданылды.
Возможно, это изображение учеба, стол и текст "TRIVIAL 1 TRIVIAL"