8 «Б» сынып оқушыларының физика пәнінен оқу белсенділіктерін саралау тапсырмалары арқылы қалай арттыруға болады ? зерттеу сұрағы бойынша физика пәнінің мұғалімі Жайнар Ержан зерттеу сабағын өткізді.
Сабақтың тақырыбы:
Жылу үдерістерінің қайтымсыздығы, Термодинамиканың екінші заңы
“Білім кестесі” өткен тақырыпты еске түсіру
Жаңа тақырыпқа видеосабақ арқылы мағлұмат алады;
Қайтымды және қайтымсыз процесстерге мысал келтіру арқылы Күн мен Бұлт суреттерін толықтырады;
Жеке тапсырма “Термодинамика әлеміне саяхат” әдісімен сценарийлерге сипаттама береді;
Топтық тапсырма: берілген 3 тақырыптың сұрақтарына жауап береді;
Жеке жұмыс: Кельвин және Клаузис тұжырымдамаларын жазып мысал келтіреді.
Сабақ соңында оқушылар кері байланыс жасайды.
9 “Ә” сыныбына зерттеу сабағының І циклдің 1-ші сабағын өткізді.
Сабақтың тақырыбы: Осьтік симметрия
1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, топқа бөлу
2. Үй жұмысын тексеру
3. «Миға шабуыл» сұрақ-жауап
4. Жаңа тақырып түсіндіру
5. Топтық жұмыс
6. Жеке жұмыс (оқулықпен жұмыс)
7. Қорытынды.Кері байланыс «Білемін.Білдім.Білгім келеді.”

