Нұржау жалпы орта мектебі бойынша 2025-2026 оқу жылының оқу-тәрбие жоспарына сәйкес Lesson Study сабақтарының 1 циклі басталды.

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылығын көтеру. Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін жүйелі қолдану, білім сапасын тұрақтандыру. Оқушының сабақтағы іс-әрекетін зерттеу, зерттеуді жүргізу арқылы оқыту мен оқуды жақсарту.
Орыс тілі пәнінің мұғалімі педагог-сарапшы Нэля Тасжанова “Как развить речевую деятельность учащихся?” зерттеу сұрағы бойынша 7 “А”сыныбына зерттеу сабағын өткізді.
Тақырыбы: Л.Н.Толстой
Рассказ “После бала”

Мақсаты: мәтіндегі негізгі және қосалқы ақпаратты, мәтіндегі әдебиеттің көркемдегіш құралдарын табу, әдеби текстке талдау жасай білу дағдыларын дамыту. Сабақ барысында топтық жұмыс кезінде кейіпкерлерге сипаттама беріп, мәтіндегі негізгі және қосалқы ақпаратты, әдебиеттің көркемдегіш құралдарын тауып, әдеби текстке талдау жасады.
Жұптық жұмыста класстер, синквейн құрастыру тапсырмалары берілді.
Білім алушылар бағалау парағын, дескриптор бойынша толтырып отырды.