Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Нұржау жалпы орта мектебінің 2025-2026 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспары бойынша “әдістемелік күн” аясында
«Заман талабына сай цифрлық құзыреттілікті дамыту» тақырыбында
коворкинг ұйымдастырылды.
Мақсаты:
✅Қатысушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру және заманауи технологияларды тиімді қолдану дағдыларын дамыту арқылы, коворкинг ортасында бірлесіп, жоспарлау ресурстарын ұтымды пайдаланып жұмыс істеу мәдениетін нығайту.
✅Жұмыс барысында цифрлық сауаттылық бойынша түсінік және ЖИ түрлері (Chatgpt, Pixverse, Gemini, Grok, Diffit.me, Educaplaу, Google диск, mail.ru Облоко) арқылы сабақ жоспарын күнделікке жүктеу, түрлі иллюстрация және анимация жасап мультфильм құрастыру, деңгейлік тапсырмалар жасау, викториналар құрастыру жұмыстарын практика жүзінде жүзеге асырды.
✅Математика информатика физика бірлестігінің жетекшісі — Кубашева Майра, физика пәні мұғалімі — Ержан Жайнар бүгінгі коворкингті нәтижелі ұйымдастыра отырып, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасу, кәсіби шыңдалу және бірлескен жұмыстарды тиімді ұйымдастырды.