Бүгін сол дәстүрлі мерекеге орай мектебімізде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, “Шабыт” жобасы аясында Ұстаздар күніне орай мерекелік шара өткізілді.
Шараға ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, дана ойдың ыстық лебі бар,мектептің жүректері ардагер ұстаздары шақырылып құрмет көрсетілді.
Шарада мектеп директоры Гүлбаршын Жақимқызы ардагер ұстаздарымызға, ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдірді.
Шара “Назбике” би тобының биімен ашылды.
Ұстаз еңбегінің жемісі-шәкірттің биігі, өмірдегі жетістігі.Ұстаздардан тәлім алып, қанат қаққан түлектеріміз арасынан елге қызмет етіп, басшылық дәрежесінде көтерілген
азаматтарының ұстаздарына арнаған жүрекжарды тілектері бейнеролик арқылы көрсетілді.
Салтанатты мерекемізде ардагер ұстазымыз “Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы”, Құрманғазы аудандық ардагерлер кеңесінің “Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл” толуына орай “Дауылпаз” төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрлігінің “Алғыс хаты”, Қазақстан Халық Ассамблеясы жанындағы Республикалық кеңесінің “Алғыс хат” иегері Жібек Қисымқызы ұстаздарға жылы лебізін білдіріп,ардагер ұстаздарымыз “Ұстазым”әнін тарту етті.
Шара барысында
“Жаса Ұстаз”, “Ұстазға алғыс”, “Ұстазым”, “Ұстаздарға тағзым” әндері мектеп оқушыларының орындауында шырқалды.
Балаға тәлім, ұрпаққа білім берген ұстазға деген ата-анасының алғысы-әрдайым жүректен төгілер жылы шырай, ақ тілектің бастауы.
Мерейлі сәтте мектептің атп-аналар комитетінің төрайымы Зухра Ниғметқызы бастаған бір топ ата-аналар ұстаздарға арнайы жүрекжарды тілектерін айтып, ән шашуларын жолдады.
“Жақсылықпен жолығайық” әнімен шара өз мәресіне жетті.
Аяулы ұстаздарымызға білім саласын өркентуге сіңірген еңбектеріңізге табыс тілейміз!
