Мектебіміздің ұжымы «Таза Қазақстан – таза болашақ!» экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізді.
Акция барысында мектеп аумағы қоқыстан тазартылып, таза әрі жайлы орта қалыптастыруға үлес қосылды.
Бұл шара ұжымдық бірлікті нығайтып қана қоймай, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызын айқындады.







