Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Құрманғазы аудандық қорғаныс істер бөлімінің қатынас хатын 2025 жылдың тамыз айының 27-сі күнгі 1406000/411 бссшылыққа ала отырып, Нұржау жалпы орта мектебінде 4 қыркүйек күні Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі А.Хамитов “Халық Қаһарманы” Хиуаз Доспанова жайында ерлік сабағын 7 “А” сыныбына өткізді.
Тақырыбы: Ерлік-елдің қасиеті, жүректілік-жігіттің қасиеті.
Мақсаты:
✅Өскелең жас ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу
✅Оқушылардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа баулу.
Ерлік сабағы-өскелең ұрпақтың бойындағы патриоттық рухты арттыруға бағытталған іс-шара. Осындай іс-шаралар патриоттық сезімге, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ерен еңбектерін, жасаған ерліктерін келешек ұрпаққа насихаттау арқылы өз Отанын сүюге тәрбиелейді.