Нұржау жалпы орта мектебінде 1-сынып оқушыларына арналған Алғашқы қоңырау салтанатты шарасы болып өтті. Мектеп ұстаздары, ата-аналар мен арнайы қонақтар қатысқан шарада мектеп басшысы Гүлбаршын Жақимқызы өткен оқу жылындағы бірқатар жетістіктер мен биылғы өзгерістерге тоқтала кетіп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Салтанатты шара барысында жас бүлдіршіндерге ақ тілек , әсем әуен арналды. Олар да өз кезегінде бал тілдерімен баурап, тақпақтарын айтып, әннен шашу шашты.
Жас бүлдіршіндер үшін алғашқы қоңырау соғылып, “Мектебім -мейірім мекені” тақырыбындағы сынып сағатымен жалғасты.
