Педагогикалық кеңестің мақсаты – мемлекеттік білім беру саясатына сәйкес бірыңғай тәсілді қалыптастыру, мектептің жылдық жұмыс бағыттарын айқындау және бекіту.
Күн тәртібі келесі мәселелерді қамтыды:
-
Әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру.
-
«Адал азамат» бағдарламасы мен академиялық адалдық қағидаларын түсіндіру.
-
Жасанды интеллектіні қолданудың этикалық нормалары және оны білім беру процесіне енгізу.
-
Жылдық жұмыс жоспары, сабақ кестесі, педагогикалық жүктеме, мектепті дамыту жоспары мен әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарын бекіту.
-
Ұйымдастырушылық-шаруашылық мәселелер: санитарлық талаптарды сақтау, қауіпсіздік пен бейнебақылауды қамтамасыз ету, тамақтану сапасын бақылау, еңбек тәртібі, инклюзивті білім беруді ұйымдастыру.
Президент Қ.К.Тоқаев Тамыз конференциясында (15.08.2025) білім беру жүйесінің басты басымдықтарын атап өтті:
-
«Адал азамат» бағдарламасын іске асыру. Әр ай белгілі бір құндылыққа арналмақ (қыркүйек – еңбекқорлық, қазан – патриотизм).
-
Жасанды интеллектіні мектеп бағдарламасына енгізу. Барлық оқушылар «Day of AI» курсына қатысып, мұғалімдер арнайы онлайн-курстан өтеді.
-
Педагог мәртебесін қорғау: мұғалімдер тек оқыту және тәрбиелеумен айналысуы тиіс.
-
Қауіпсіз орта құру: «ДосболLIKE» бағдарламасы, мектептегі медицина қызметкерінің жаңа рөлі.
-
Ата-аналар комитетінің жаңа құрылымы енгізіледі.
Шешім қабылданды:
-
Әдістемелік нұсқау хатты және «Адал азамат» бағдарламасын басшылыққа алу.
-
Академиялық адалдық қағидалары мен ЖИ қолданудың этикалық нормаларын бекіту.
-
Жылдық жұмыс жоспары, сабақ кестесі, педагогикалық жүктеме және дамыту жоспары бекітілді.
-
Қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, санитарлық нормаларды сақтау, оқушылардың тамақтануын бақылау міндеттелді.







