Шараға мектеп басшысы Гульбаршын Жакимқызы арнайы қатысып, балаларға жүрек жарды тілегін арнап, алдағы оқу жылына сәттілік пен жарқын болашақ тіледі. Оның жылы лебізі жас жүректерге үміт пен шабыт сыйлады. Сонымен қатар лагерь демалушыларға жақсы көңіл-сыйлап, әр күндерін қызықты өткізген ұстаз- тәрбишелірге, дене пәнінің мұғалімдеріне алғыс білдірді.
Салтанатты кеш әсем әнмен, әсерлі биден құралған концерттік бағдарламамен жалғасты. Балалар мен ұстаз- тәрбиешілер бірлесе дайындаған өнерлерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ән шырқалып, би биленіп, лагерьде өткен ұмытылмас күндерге көз жүгіртілді.
Балалардың жарқын жүздері мен шат күлкілері — лагерь өмірінің жарқын куәсі болды. Бұл кеш бәрінің есінде мәңгілікке сақталары анық. Лагерь өз жұмысын сәтті аяқтап, қатысушыларға қуаныш пен тамаша естеліктер сыйлады.
Құрманғазы ауданы
Нұржау ауылы
Стамгазы Ақботин көшесі, 1 үй
+7(7122) 3-83-64
shnurzhau@mail.ru
Гульбаршын Кенжегалиева
Zina Kerey
Шошахова Камшат
Құрманғазы Аудандық Білім Бөлімі
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Өрлеу Атырау








