Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ
11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздарымен қоштасар сәті ерекше әсерлі өтті. Биылғы жылы мектебімізді 14 оқушы тәмамдаса, 3 оқушы «Алтын белгіге» үміткер қатарынан көрінуде.
Түлектер мектеп қабырғасында соңғы рет вальс биледі. Жүздерінде қимастық. Мектепті де, балаң өмірді де қимайды. Ұстаздарына алғыстарын айтып, көздеріне жас алғандары да болды. Ендігі олардың мақсаты мемлекет іргесіне түрлі салада еңбек етіп өздерінің кірпішін қалайды. Қияға қанат қаққалы отырған түлектер салтанатты шара соңында күміс қоңырауды сыңғырлатты. Ел мен жерге егелік ететін тағы да мыңдаған түлек үлкен өмірдің есігінен енді. Сапарың сәтті болсын, жас түлек!
