Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ
👨‍👩‍👧‍👦 БҮГІНГІ ҚАУІПСІЗДІК — БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Нұржау жалпы орта мектебінде «Бүгінгі қауіпсіздік – болашақтың кепілі» атты тақырыпта жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
🔹 Жиналыстың негізгі мақсаты – жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың және жазатайым оқиғалардың алдын алу, сонымен қатар ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.
🗓 Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
1️⃣ Оқушылардың жазғы каникул кезіндегі қауіпсіздігін қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары (Су айдындарында, жолда және қоғамдық орындарда, тәртіп сақтау ережелері, соның ішінде «Сіріңкемен ойнама, балақай!», «Терезеден құлау қаупі» тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын Құрманғазы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Манатов Дәулет Қайратұлы жүргізді.
2️⃣ Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен жазатайым оқиғалардың алдын алу: Бұл бағытта ата-аналармен Атырау облыстық білім беру басқармасының психологиялық қолдау орталығының әдіскер-үйлестірушісі Тахирова Гүлжайнат Тахирқызы өзекті ақпараттармен бөлісті.
3️⃣ «Соңғы қоңырау» және мектеп бітіру кештері кезіндегі қауіпсіздік: Құрманғазы аудандық білім бөлімінің әдіскері Ахметова Нұргүл Мамбетовна ата-аналарға нақты ұсыныстар мен кеңестер беріп, балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілікті бөлісуге шақырды.
4️⃣ Қосымша мәселелер мен ұсыныстар:
Жиналыс соңында ата-аналар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, түрлі ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
🎤 Жиналысты мектеп директоры Кенжегалиева Гулбаршын Жакимовна қорытындылап, ата-аналарға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді.
🔍 Жиын мазмұнды өтіп, ата-аналарға жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары мен алдын алу жұмыстары бойынша құнды мәліметтер ұсынылды.
Құрманғазы ауданы
Нұржау ауылы
Стамгазы Ақботин көшесі, 1 үй
+7(7122) 3-83-64
shnurzhau@mail.ru
Гульбаршын Кенжегалиева
Zina Kerey
Шошахова Камшат
Құрманғазы Аудандық Білім Бөлімі
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Өрлеу Атырау

Видеосы