Байқаудың мақсаты:
— Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін есте сақтау;
— Оқушылардың көркем сөйлеу мәдениетін дамыту;
— Қазақ әдебиеті мен Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы шығармаларға қызығушылықты арттыру;
— Патриоттық тәрбие беру.
Бұл жеңіс — сан ғасырлық тарихымыздағы ең қасиетті де қастерлі мерекелердің бірі. Аталарымыздың жанқияр ерлігі мен еселі еңбегі — мәңгілік үлгі!
Байқау қорытындысы бойынша:
8 «А» сынып оқушысы Салауат Сымбат жүлделі 1-орынмен марапатталса,
11 «Ә» сынып оқушысы Жұмажанқызы Мейірім 2-орынды қанжығасына байлады,
барлық қатысқан оқушыларға алғыс хат берілді.
Бүгінгі байқау – ұлы ерлікті ұлықтау, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рух сіңіру жолындағы бірегей байқау болды. Жеңіс — жүректе!
Ендеше, әр жүректе осы рух сөнбесін, батырлар ерлігі мәңгі есте болсын! Ұлы Жеңістің маңызы ешқашан ұмытылмайды. Бүгінгі ұрпақ үшін бұл – ерлік пен рухтың үлгісі.Жеңіс рухы әр жүректе мәңгілік сақталсын.
