
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев ғасырлық тарихы бар мектептер мен колледж ұжымдарымен кездесу өткізді. Ел тарихымен бірге жасасып келе жатқан білім ордаларының тарихының тереңдігіне үңілу; — білімге құштарлығын арттыру; — бабалардың білім саласына сіңірген еңбектерін дәріптеу, тарихты жоғалтпау, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру; — 100 жылдан аса тарихы бар мектептердің тәжірибелерін насихаттау барысында өткені мен бүгінгі тыныс-тіршілігіне қанықты. Тарих қойнауынан сыр шертетін бұл оқу орындары — талай ұлы тұлғалардың қанат қаққан қасиетті қара шаңырақтары.
Осы кездесуде шежірелі қара шаңырақтардың бірі – Жұмекен Нәжімеденов білім алған біздің мектеп те ерекше аталды. Бұл — біз үшін үлкен мақтаныш! Ұлт руханияты мен білімін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан мектебіміздің тарихы мақтан етуге лайық!
Ғасырға жуық тарихы бар мектебіміз саналы ұрпақ тәрбиелеу ісінде әлі де талай белестерді бағындырары сөзсіз. Осындай тағылымы терең кездесулер білім саласының дамуына тың серпін беріп, жас ұрпақты рухани мұраны қадірлеуге жетелейді.