Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ
Наурыз мейрамы – көктем мен жаңарудың, табиғаттың қайта түлеуінің мерекесі. Ол жыл сайын 22 наурызда тойланады және көптеген түркі халықтары мен Орта Азия елдері үшін Жаңа жылдың басталуын білдіреді.
Бұл мереке ежелден бері күн мен түннің теңелуіне сәйкес келетін ерекше күн ретінде аталып келеді. Наурыз мейрамы Нұржау жалпы орта мектебінде де жоғары деңгейде аталып өтті. Мектеп басшысы Гүлбаршын Жақимқызының ақ тілегімен басталған наурыз мейрамында дәстүрлі тағам – наурыз көже дайындалып, ұлттық ойындар ойналып, салт-дәстүрді насихаттайтын көріністер тамашаланды.