Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ
⚜️Наурызнаманың 10 күндік жоспарына сәйкес “Шаңырақ” күніне орай көп балалы, ұлттық ерекшеліктерді бойына сіңірген өнегелі отбасылардың тәжірибесін насихаттау мақсатында “Ұшқан ұя” тақырыбында шара өткізілді.
17 наурыз – Шаңырақ күні қазақстандықтардың жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үндейді.
«Ұшқан ұя» айдарымен өтіп жатқан бүгінгі шарамыздың әр сәті, әр айтылған сөзі, әрбір көрінісі біздің қоғамымызда отбасының орны мен мәнін тереңірек түсінуге көмектесетін болады және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген отбасылардың тәжірибесін насихаттауға арналады.
Бүгінгі шараға Мұстажаповтар отбасысы, Ақдүйсеевтер және Ахметовтар отбасы белсене қатысты. Отбасы құндылықтары насихатталып, көпке үлгі болған сұхбат болды. Толығырақ