Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық киім күніне орай Ұлттық киімдер шеруі ұйымдастырылды. Шеруге ауылдың ақ жаулықты әжелері мен ақсақалдары, Нұржау ауылдық округ аппараты, Нұржау жалпы орта мектебі, «Гаухар» бөбекжай балабақшасы, Нұржау ауылдық мәдениет үйі, Нұржау ауылдық амбулаториясы, пошта, кітапхана және ауыл тұрғындары қатысты.
Ұлттық киім — ұлтымыздың айнасы. Халқымыз атам заманнан бері мың бір сырлы әсем киім үлгілерін жасап, киініп келген. Киім жай ғана бір жапырақ мата емес. Ол — белгілі бір ұлттың, мәдениеттің бет-бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Оның эстетикалық, этно-мәдени, қоғамдық мәні де орасан.