Тамақтандыру сапасын мерзімдік бағалаудың бракераж жүргізу жөніндегі комиссия құрамы мектеп асханасына зерделеу жүргізді. Бақылау барысында: * Келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасы; * отандық тауар өндірушілердің тамақ өнімдеріне СТ-KZ сертификаттардың болу; * дайындалған тағамдардың сапасы; * технологиялық жабдықтардың болуы және жарамдылығы; * азық түліктердің, дайын тағамдардың сақталуы және жеткізу мерзімдері мен шарттарының сақталуы; * ас мәзірінің сәйкестігі; * санитарлық жағдайы қаралды. Бақылау барысында бір күндік мәзірдің Атырау облыстық білім беру басқармасы бекіткен ІІ апталық ас мәзіріне сәйкестігі, отандық тауар өндірушілердің сертификаттары бар екендігі, асхана қызметкерлерінің санитарлық талапқа сай жұмыс атқарып отырғандығы және азық-түлікті пайдалану мерзімінің жарамдылығы анықталды.

