Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
🎶Музыка, көркем еңбек, жаһандық құзыреттілік пәндерінің апталығы
Өнер — ғасырлар бойы халықтың өмірімен бірге тұтастықта сараланып, іріктеліп өзінің өміршеңдігін жалғастырған, “айшықты белгі”ретінде таңбаланған рухани құндылықтар жүйесін құрайтыны анық.
Мектебімізде “Өнер” бірлестігінің “Өнер — рухани әлем” атты апталығы басталды. Мақсаты: жас ұрпақтың бойына көркемдік — эстетикалық мәдениетін қалыптастыру, талантты және қабілетті оқушылардың бойындағы шығармашылық қасиеттерін дамыту. Апталықтың ашылуы мектеп дәлізінде өтіп, “аспапта ойнай білесің бе? атты ойын ұйымдастырылып жақсы өнер көрсеткен оқушыларға сыйлықтар берілді. Апталық жоспарымен “Өнер” бірлестік жетекшісі педагог- зерттеуші, музыка пәнінің мұғалімі
Ж. Шайхымеденова таныстырып өтті.
Апталыққа сәттілік тілейміз! Толығырақ