Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі педагог-сарапшы Н. Тасжанова “как развивать функциональную грамотность учащихся” зерттеу сұрағы бойынша 4 “А” сыныбына зерттеу сабағын өткізді.
Сабақтың тақырыбы: “ Семицветный полукруг из семи широких дуг”
Мақсаты: берілген жоспар бойынша мәтіннен түсінгенін айта білу, предлог қолдана білу.
Сабақта жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылды.
Кемпірқосақ жайлы видеоролик көрсетілді.
“Ойлан, тап” әдісі арқылы балалар предлогтарды қолданып, сөйлемдер құрастырды. Функционалдық сауаттылықты дамыту мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізілді. Мәтінге жоспар құрылып, сол жоспар бойынша түсініктерін айтты. “Формуласын тап” әдісі арқылы кемпірқосақтың формуласын шығарды. “Өз орнын тап” әдісі арқылы сөздерді орын-орнына қойып сөйлем құрастырды. “Сәйкестендір” әдісі арқылы сұрақтар мен жауабын сәйкестендірді. “Рефлексиялық экраннан” білім алушылар өздерінің қалауы бойынша бір аяқталмаған сөйлемді алып аяқтады.

Тақырыбы: Кадыр Мырзалиев «Красная книга»
Сабақтың мақсаты:
— Оқушыларға Қадыр Мырзалиевтің шығармашылығын таныстыру;
— «Қызыл кітап» өлеңінің мазмұнын, идеялық-тақырыптық мәнін ашу;
— Табиғатты қорғау, экологиялық сананы қалыптастыру;
— Оқушылардың көркем мәтінді талдау дағдысын дамыту.
1. Сабақты «Табиғатқа тілек» әдісімен бастады оқушылар табиғатқа арналған бір жақсы тілектерін атып өтті.
2.«Серпілген сұрақ» әдісі арқылы қызыл кітап туралы сұрақтар қойылды.
3. «Деректерді сәйкестендіру» әдісі арқылы оқушыларға Қадір Мырзалиевтің өмірі мен шығармашылығына байланысты деректер мен жылдар жазылған карточкалар берілді.
4. Топтық жұмыс
1 топ Өлеңдегі көркемдік құралдарды табу
2 топ Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер туралы мәлімет дайындау
3 топ Өлеі мазмұны бойынша шағын қойылым дайындады
5. Шығармашылық жұмыс «Егер мен табиғат қорғаушысы болсам»тақырыбына оқушылар постер қорғады. Толығырақ