Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ
36 жыл бұрын Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылуы еліміз үшін маңызды тарихи оқиға болып табылады. Осы датаға орай өткізілген “Біз — интернационалистпіз” атты патриоттық акция аясында А. Ермекованың «Ауған соғысындағы Атыраулық жауынгерлер шежіресі» кітабының таныстырылымы өткізілді.
Бұл кітапта ауған соғысына қатысқан атыраулық жауынгерлердің ерліктері мен олардың батырлықтары туралы мәліметтер жинақталған. Таныстырылым барысында кітаптың мән-маңызы, автордың мақсаты мен жұмысының маңызы туралы айтылып, қатысушыларға маңызды тарихи кезең туралы жаңа ақпараттар ұсынылды.
Кітап – тек тарихи дерек емес, сонымен қатар бүгінгі ұрпақ үшін маңызды тәрбие құралы. Толығырақ