Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 28 қаңтар күні 10-11 сынып ата-аналарына “Құмарлыққа бой алдыру — тәуелділік құрдымы жоғары сынып оқушыларының дамуындағы тәуекел аймақтары” тақырыбында 10 “A” сынып жетекшіcі Айша Исаеваның ұйымдастыруымен педагогикалық қолдау сабағы өткізілді.
Сабақ мақсаты: ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру, тәуелділік мінез-құлық қаупінің алдын алу жолдарын дамыту.
Міндеттері: Ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген ұмтылысын ояту. Баланың дамуындағы ықтимал қауіптер, тәуелділік мінез-құлық белгілері және оның алдын алу шаралары туралы ата-аналардың түсініктерін кеңейту. Ата-аналардың балаларына көңіл бөлуінің, заңсыз әрекеттердің алдын алуының маңыздылығын күшейту.
Осы мақсатта тиімді сабақ жүру барысында:
• “Әріпті биопоэма” әдісі;
• QR-код арқылы бейне үзіндіні қарап ой шақыру;
• Ақпараттар легімен таныстыру;
• “Сандармен салынған сурет” әдісі;

• Құмарлыққа бой алдырудың себептері мен салдары;
• Балалармен сенімді қарым-қатынас орнату жолдары;
• Тәуелділіктің алдын алу бойынша пайдалы кеңестер.
• “Тұлға бейнесі” профилактикалық жаттығуы;
• “Баланың мінез-құлқын басқаруға көмектесетін құпиялар”
тақырыбында кәсіби психологтің кеңесі;
• “Сиқырлы су періштесі” кері байланыс. Толығырақ