Нұржау жалпы орта мектебінде “Атырау — жаңа мектеп” жобасы аясында Абай жалпы орта мектебіндегі өткен кейс-уоркшоптан алған тәжірибелерді педагогтерге жеткізу, таныстыру мақсатында “XXI ғасырдағы білім беру жүйесіндегі ерекшеліктер” тақырыбында шеберлік сыныбы өткізілді. Шараны мектеп басшысы Гульбаршын Жакимқызы “Атырау-жаңа мектеп” жобасының мақсаттарымен таныстыра отырып, білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтарды, шетелдік тәжірибелерді, білім беру жүйесінде қолданудың өзектілігін атап көрсетті.
Мектептің көшбасшы ұстаздары “4 қақпақ” әдісі, “қозғалыстағы мектеп”, “мақсатсыз өмір сүру”, “мұғалім моделі”, “мэнэдж мэт”, “сыныпты басқару құралы” тақырыптарында практикалық тапсырмалар арқылы әртүрлі жұмыстар жүргізді. Мектеп мұғалімдері белсене қатысып, алған тәжірибелерін өз жұмыстарында тиімді жүзеге асыратындығына сенім білдірді.