Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ
🔰2024 жылдың 26 қараша күні 5-6 сынып оқушылары арасында, мектеп психологі А.Нигметова оқушыларға аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын- алу бағытында ”Мен өзімді мақтай аламын”тақырыбында психокоррекциялық сабақ өткізді.
🔰Сабақтың мақсаты психикалық денсаулықты сақтау және нығайту, сондай-ақ оқушыларды психологиялық тұрақтылығын қалыптастыру, өз-өзіне жағымды (позитивті) қарым-қатынасты дамыту.
🔰Тренинг сбаққа қатысушылар жаттығуларға белсенді қатысып, барлық сұрақтарына толық жауап алды. Сабақ барысында «Мен кіммін», «Достық алақаны», «Құшақта», «Шеңбер бойынша қошемет» жаттығуларын жасады. Психолог оқушыларға қиын жағдайларда психикалық тұрақтылықты арттыруға көмектесетін біліммен қаруландыру арқылы өзін-өзі реттеу әдістерін меңгеруге көмектесті.
Мұндай іс-шаралар өздерінің психикалық денсаулығын нығайтып қана қоймай, өмірлік қиындықтармен күресуді үйренуге көмектеседі.