Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
📘Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы📕
Адамдықтың бастауы, ізгіліктің көзі, мейірімнің өзегі, тәрбиенің бастауы болатын басты құндылық – әр ұлттық тілі мен әдебиеті екені анық. Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің «Тіл — ұлттың жаны» атты апталығы басталды. “Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем”- деген қанатты сөздер осы аптаның бейнесіне айналып тұрғандай. Мақсаты: жас ұрпақтың бойына тілге деген құрмет сезімін ұялату, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Апталық кезінде оқушылардың қызығушылығын оятып, танымдық және шығармашылық қасиеттерін шыңдауға бағытталған іс-шаралар өткізіледі.
Апталықтың ашылуы мектеп дәлізінде өтіп, қызықты ойындар ойнатылды. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тәтті сусындар мен тәттілерге ие болды.