Зерттеу сабақтары



Физика пәнінің мұғалімі педагог, жас маман Ержан Жайнар 7 “Ә” сыныбына оқушылардың физика пәнінен оқу белсенділіктерін саралау тапсырмалары арқылы қалай арттыруға болады? зерттеу сұрағы бойынша ІІ циклдің 2-ші сабағын өткізді.
Тақырыбы: Күш
Мақсаты: 7.2.2.2 — күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіру
Сабақтың барысы:
1. Салемдесу “Қол күрес” әдісі арқылы 2 топқа бөліну
2. “Жариялау” әдісі арқылы үй тапсырмасы инерцияның пайдасы мен зиянын айту
3. Топтық жұмыс арқылы оқушылар жаңа сабақты қорғау , кестемен жұмыс орындау
4. Жұптық тапсырма арқылы ХБЖ — ға келтіру арқылы есептер шығару
5. Функционалды сауаттылық PISA тапсырмаларын орындау
6. Жеке тапсырма amansultan.kz платформасы арқылы орындау
7. Рефлексия “ Күш білімде — Білім кітапта” кері байланыс жасады.