
Lesson study
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Агесенова 8 “Ә” сыныбына “Орыс тілі сабағында белсенді әдістер арқылы оқушылардың айтылым, жазылым дағдыларын қалай дамытуға болады? зерттеу сұрағы бойынша зерттеу сабағын өткізді.
Тақырыбы:”Как хлеб на стол пришел”
Мақсаты: Мәтіннен негізгі, қосымша және толық ақпаратты анықтау, оқыған немесе тыңдаған мәтіннің мазмұнын баяндау.
Сабақ барысында

“Көңілді көңіл күй” әдісі арқылы психологиялық ахуал тудыру арқылы сабақты бастады.

“ Сиқырлы ұяшық” әдісі арқылы оқушылар өткен сабақты пысықтады.

“Белсенді оқылым” әдісі арқылы оқушылар мәтінді оқып және сол мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты таба білді.

“Эмоциялар графигі” және “Белгілеу арқылы оқу” әдісі арқылы екі топ тапсырма орындады.

Жұптық жұмыс тапсырмасы арқылы “Синквейн” әдісі бойынша оқушылар нан және еңбек сөзіне бес жолды өлең құрастырды.

“Нан-өмірдің басты байлығы” ойын арқылы интербелсенді тақтаға мақалдарды құрастырды.

“Ұстазға хат” әдісі арқылы сабақты қорытындылады.
Толығырақ