Жаңалықтар
Нұржау жалпы орта мектебінде 2024 жылдың 24-ші мамыр күні сағат 09:00-де “Білімім-Отаныма” тақырыбында жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты балаларды, ұстаздарды құрметтеуге , білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімді қорытындылай білуге тәрбиелеу. Тәрбие шарасына мектебіміздің ардагер ұстаздары, ата-аналар қатысты. Ардагер ұстаз Жібек Қисымова 10 “А” сыныбы, З.Кенжеғалиева […]
Жазғы демалыс кезінде балалардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс жүзінде пайдалана білуін жетілдіруде ақпарат берілді. Жазғы демалыс уақытында балалардың жеке қауіпсіздігі, оның ішінде суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік, өрт, жолда жүру қауіпсіздігі шаралары ата-аналардың ерекше назарында болуы қажет. Бұл орайда, мектеп әкімшілігі ата-аналарды балалардың қауіпсіздік мәселесіне бей-жай қарамай, сақтық шараларын қатаң сақтауға […]
Бітіруші түлектер үшін салтанатты іс-шара 25 мамыр күні «Мектебім, саған мыңалғыс!» Сондай-ақ биылғы оқу жылында бірінші рет «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 5-8, 10 сынып оқушылары емтихан тапсырады. Емтихандар 27 мамырда басталады. Қорытынды біту емтихандары 9 – сыныптар үшін 29 мамыр – 10 маусым аралығында, 11 сынып бітірушілері үшін мемлекеттік бітіру емтихандары 28- мамыр – […]
«Спорт – өмір серігі» тақырыбындағы апталыққа сәйкес 15-16 мамыр күндері 5-6 сыныптар арасында асық атудан, сонымен қатар 3-сыныптар арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Сайысқа қатысқан оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, салауатты өмір салтын ұстануға деген талпыныстары көрініс тапты. Сайыс соңында қорытындыланып, жеңімпаз топ анықталды.
Сайыс барысында оқушылар өте белсенді қатысып, спортқа деген қызығушылықтарын көрсете білді.
🏆Нұржау жалпы орта мектебі бойынша 2023-2024 оқу жылындағы сапалы білім беру бағытындағы жүргізілген жұмыстардың топтамасын назарларыңызға ұсынамыз!
29 сәуір мен 5 мамыр аралығында «Жасөспірім және жауапкершілік» жедел іс-шарасы барысында Нұржау жалпы орта мектебінің 7-11 сынып ұл балалары арасында «Арсен» ұлдар ұйымының жиналысы өтті. Жиынға мектеп басшысы Гүлбаршын Жақимқызы, МДТЖЖО Светлана Аманғалиқызы, мектеп инспекторы Арайлым Жексенбаева, АӘД пәнінің мұғалімі А. Ғабитұлы, ұлдар ұйымының жетекшісі Н.Мұқарұлы және мектеп психологы мен сынып жетекшілер қатысты. Жиынның […]
Апталық қорытындысы География, биология, химия пәндер бірлестігінің «Жаратылыстану -ғажайыртар сыры» тақырыбында өткен апталықтың қорытынды кеші болды. Апталық соңында сайысқа белсене қатысқан оқушыларға жинаған білім купондарына қарай ақшалай сыйлық және білім купондарымен алмастырылды.
«Жаратылыстану – ғажайыптар сыры» апталығында «Табиғи апаттардың алдын алу» тақырыбында презентация байқауы өткізілді. Мақсаты: әр оқушының өмір қауіпсіздігіне дайындық қабілеттерін шыңдау, ұқыптылыққа, шеберлікке, достық көмек көрсетуге тәрбиелеу. Оқушылар табиғатта болатын табиғи апаттар су тасқыны, сел, жер сілкінісі т.б. апатты табиғи құбылыстар олардың алдын алу жолдары туралы айтты.
Нұржау жалпы орта мектебінде экодизайнерлер сайысы өтті. Мақсаты: Оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу, экологиялық сауаттылықты арттыруға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Оқушылар экологиялық мәселелерге байланысты өздерінің табиғи материалдардан жасалған жұмыстарын көрсетіп, идеяларымен бөлісті.
