Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

“Өлкетану” бейіндік лагерь мүшелері жоспарға сәйкес жергілікті жердің табиғатына деген ұқыптылықты, туған өлкеге деген ізденушілік-зерттеушілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында ауылымыздағы Шарон өзенінің жағалауына, жылыжайға саяхаттап қайтты. Оқушыларымыз ауыл табиғатын тамашалап, өзен жағасында түрлі ойындар ойнап, көңілді тарасты.  Толығырақ #Атырау_жаз_2024 #kurm_біртұтас #atyrau_тәрбие #біртұтас_тәрбие

Толығырақ

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау жалпы орта мектебінң жанынан ашылған «Мәнерлеп оқу» бейіндік лагері өз жұмысын жалғастыруда. Бейіндік лагердің мақсаты бос уақытын тиімді пайдалану, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру. Лагерь қатысушылары әр сәтін тиімді пайдалануда. Ақындардың  өлеңдерімен сусындап, мәнерлеп, нақышына келтіріп оқудың қыр-сырын үйренуде. Үйірме жетекшісі Г.Мұхтарқызы үйірме жоспарына сәйкес оқушыларға ар қызығушылықпен […]

Толығырақ

Заман талабының сұранысына саласы жетік, адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына сын көзбен қарап,  қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында  «Пікірсайыс – сөз додасы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Абуталиева бейіндік лагерь жұмысын жүргізуде.

Толығырақ

Толығырақ

Мектеп басшылығы мен лагерь қызметкерлерінің қатысуымен «Жасұлан» күндізгі тынығу лагерінің ашылуы салтанатты түрде ашылды. Салтанатты жиынды мектеп директоры Г. Кенжегалиева оқушыларды жазғы демалысқа шығуларымен құттықтап, лагерь кезіндегі демалыстарының көңілді, пайдалы әрі сәтті өтуіне тілегін айтты. Жиында әр топ басшылары мәлімдеме тапсырды. Мерекелік жиын әрі қарай көңілді әндермен, билермен жалғасты. Шара қызықты да тартымды өтті. Лагерь […]

Толығырақ

Нұржау жалпы орта мектебі қойнауы қазынаға толы білім ордасы. Есімі елге танымал тұлғалар мен әдебиет майталмандары түлеп ұшқан мектебімізге бұндай теңеу жарасымды. Осындай түлектердің бір қатары биылғы жылы 20 жылдық кездесуге келді. Түлектер қатарында Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, ақын, журналист Серікбол Хасан да бар. «Барлығына қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын іске асыру бойынша жасақталған жол […]

Толығырақ

«Отбасы аясында» айдарына сәйкес, «Бояулар сөйлейді» тасжолға сурет салу сайысы өтті. «Денсаулық лигасы» айдары аясында қазақтың ұлттық ойындары насихатталып, асық ату, ләңгі тебу ойындарынан сайыс өткізілді. Мектеп басшысы Гүлбаршын Жақимқызы балаларға жылы тілегін арнап, балаларға тәтті балмұздақтар таратылды.   #atyrau_tarbie #birtutas_tarbie #kurmangazy_birtutas Едил Бояров Клара Олжабайкызы

Толығырақ

Жаз – балалар мен ата-аналардың асыға күтетін жыл мезгілі. Жазғы мезгілді қызықты өткізуде қауіпсіздік ережелерін сақтауды жадыңыздан шығармаған абзал. Бұл қауіпсіздік ережелері сіздер үшін маңызды!

Толығырақ

Мамыр айының  27-31 аралығында өткізілген жазғы мектеп қорытындыланды. Оқушылар білімдерін толықтырды: ойната отырып ойланту, сыни ойлау, функциональдық сауаттылықты көтеруге арналған жұмыстар, қызықты тапсырмалар, өздігінен оқу, интерактивті тапсырмалар, әдеби оқулар, логикалық есептер шығара отырып, білімінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыру арқылы білімдерін шыңдады. Жазғы демалысты жақсы өткізіп, білім ордасында кездескенше шәкірттер»

Толығырақ

Нұржау жалпы орта мектебі бойынша 2024 жылдың 27 — 31 мамыр аралығында Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық Білім академиясының 2023-2024 оқу жылындағы ‘Жазғы мектепті’ ұымдастырудың әдістемелік ұсынымдарын басшылыққа ала отырып, жұмысын бастады. Мақсаты: — білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру; — оқуға ынталарын арттыру мақсатында қосымша қызықты материалдарды, тест тапсырмаларын, шығармашылық жұмыстарды жүргізу; — сыни ойлауды дамыту, […]

Толығырақ