Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ
Жеңіс тарихы әр сурет бір тағдыр
Ұлы Жеңіс күні – сан мыңдаған ұрпақ үшін ұлы мереке. Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғыс — Ұлы Отан соғысы аяқталғанына 80 жыл толады. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Осы іс-шараға байланысты мектеп кітапханасы кітапханасы кітап көрме ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай Жеңіс тарихы әр сурет бір тағдыр»атты тарихи-патриоттық бағыттағы кітаптар көрмесін ұсыну. Кітапхана қорындағы кітаптармен таныстыру.
Көрмеге қойылған кітаптар:
• «Қаһарлы жылдар шежіресі»
• «Қазақстандық жауынгерлер ұлы отан соғысы майданында»
• «Ерлер есімі – ел есінде»
• «Майдангер қаламгерлер естеліктері»
• «Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақ офицерлері»
• «Майдан кешкен» Атыраулық марапатты майдангерлер
• «Қаһарман қыз Хиуаз»
• Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала» повесі
• Бауыржан Момышұлы. Екі томдық шығармалар жинағы
• Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалог.
Көрме соңында мектеп оқушылары сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салып, көркем сөз оқыды.
#біртұтас_тәрбие_атырау
Құрманғазы ауданы
Нұржау ауылы
Стамгазы Ақботин көшесі, 1 үй
+7(7122) 3-83-64
shnurzhau@mail.ru
Гульбаршын Кенжегалиева
Zina Kerey
Шошахова Камшат
Құрманғазы Аудандық Білім Бөлімі
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Өрлеу Атырау

Толығырақ