Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Нұржау жалпы орта мектебі бойынша 2024 жылдың 27 — 31 мамыр аралығында Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық Білім академиясының 2023-2024 оқу жылындағы ‘Жазғы мектепті’ ұымдастырудың әдістемелік ұсынымдарын басшылыққа ала отырып, жұмысын бастады.
✅Мақсаты:
— білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру;
— оқуға ынталарын арттыру мақсатында қосымша қызықты материалдарды, тест тапсырмаларын, шығармашылық жұмыстарды жүргізу;
— сыни ойлауды дамыту, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға, интерактивті оқыту әдістемелерін қолдануға, оқу сыныптарынан тыс таза ауада ұйымдастыруға бағытталған ахуалды міндеттерді жүзеге асыру;
— Ауа-райының қолайсыздығына байланысты онлайн форматта оқыған және денсаулығына байланысты сабақта болмаған білім алушыларға көмектер көрсету, оқуларын қолдау;
🔰‘Жазғы мектепке’ 1 — 8 және 10 сыныптан 153 оқушы қамтылып, сабақ беретін 24 мұғалім бекітілді. Пән кабинеттері тағайындалып, сабақтар жарыса басталып та кетті. Зейіндерің ашылып, қызықты да қызыға орындайтын тапсырмаларың көп болсын шәкірттер!